loading
Русский язык English
images images

«Облыстық кардиологиялық орталығы» қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жұмысы бойынша жиналыс өткізді

2024 жылғы 9 қазанда Талдықорған қаласында ГКП на ПХВ «Облыстық кардиологиялық орталығы» қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жұмысын талқылау бойынша жиналыс өтті. Жиналысқа комплаенс-офицер Турсубаева Б.Ж., орталық директоры Сурашев Н.С., орталықтың бөлім меңгерушілері мен директордың орынбасарлары қатысты.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Комплаенс-офицер Турсубаева Б.Ж. 18.11.2015 жылғы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының нормаларын түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықбұзушылықтарға тарту әрекеттері туралы жұмыс берушіге дереу хабарлау маңыздылығын атап өтті.

Жиналыс барысында директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Шормақов А.Б. өз пікірін білдіріп, науқастардан ақша алу әрекеттерін айыптады: «Мен бұл әрекеттер заңсыз әрі орынсыз деп санаймын. Ешкім ешқашан қандай да бір қаражатты қабылдауға жол бермеуі тиіс».

Жиналыс соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейтіні туралы толық түсініктемелер берілді. Осындай жағдайлар анықталған кезде, қызметкерлерге дереу Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call-орталығына 1424 нөміріне хабарласу ұсынылды.

протокол №15 скачать