loading
Русский язык English
images images

2024 жылғы 9 қыркүйекте, біздің орталықтың холында барлық қызметкерлерге арналған маңызды оқу сабағы өтті. Сабақты реанимация бөлімінің меңгерушісі, реаниматолог дәрігер Арман Бәткалиұлы өткізді. Сабақтың тақырыбы — науқастың өмірін сақтап қалуға арналған “Көк код” хаттамасы.

Сабақ барысында Арман Бәткалиұлы медициналық манекен арқылы хаттаманы қолдануды көрсетті, осылайша нағыз өмірлік жағдайларға барынша жақын сценарий жасалды. Әрбір қадам егжей-тегжейлі түсіндіріліп, көрсетілді, бұл барлық қызметкерлерге шұғыл көмек көрсету кезіндегі негізгі әрекеттермен танысуға мүмкіндік берді.

Оқу барысында көмек көрсетуге жаңа технологияларды пайдалану да үйретілді. Атап айтқанда, жүрекке тікелей емес массаж жасауға арналған LUKAS 3V аппараты, дефибрилляторлар, автоматты сыртқы дефибрилляторлар жұмсақ электроттарымен және науқастың жағдайы оңала бастағаннан кейін оны тасымалдау әдістері қолданылды.

Сабаққа қызметкерлердің көпшілігі қатысып, жоғары қызығушылық танытты. Әріптестерінің алдында шұғыл жағдайларда қалай жедел және үйлесімді әрекет ету керектігі нақты мысалдар арқылы көрсетілді.

Арман Бәткалиұлына кәсібилігі үшін және барлық қызметкерлерге белсенді қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз. Мұндай іс-шаралар кез келген жағдайға дайын болуға және пациенттерімізге дер кезінде сапалы көмек көрсетуге көмектеседі.

images
images
images